USD: 472.7 / 475.7
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстанда Мемлекеттік Туды пайдалану ережесі өзгерді: нені білу керек

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ
Енді балконға Мемлекеттік Туды ілуге болады.

Үкімет 2026 жылғы 26 маусымдағы №556 қаулысымен Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және олардың бейнелерін, сондай-ақ Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңартылған талаптар 13 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес, жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімді білдіру мақсатында Мемлекеттік Туды тұрғын үйлерге, өзге де ғимараттарға, балкондарға 45 градус бұрышпен және салтанатты іс-шаралар өтетін орындарға іле алады.

Сонымен қатар Ту ұлттық стандартқа толық сәйкес болуға тиіс. Өңі кеткен, жыртылған, кірлеген немесе өзге де зақымдары бар Мемлекеттік Туды пайдалануға тыйым салынады.

Құжатта Мемлекеттік Туды пайдалану кезінде сақталуы тиіс бірқатар талаптар нақтыланған. Атап айтқанда:

  • тұрғын үйлерде Ту жерден кемінде 3 метр биіктікте орналастырылуға тиіс;
  • егер ғимаратқа ілу мүмкін болмаса, оны ғимарат жанындағы жеке ту тұғырына орнатуға болады;
  • Ту жерге, еденге, суға немесе басқа заттардың бетіне тимеуі қажет;
  • Ту тік ілінген жағдайда ұлттық өрнек оның жоғарғы бөлігінде орналасуға тиіс;
  • мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шараларда Туды коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайды;
  • Мемлекеттік Туды жеке және заңды тұлғалардың автокөлік салонында орналастыруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ құжатта Мемлекеттік Туды жарнамалық мақсатта, сондай-ақ киім-кешек, төсек-орын, перде, дастарқан, кілемше және басқа да тұрмыстық бұйым ретінде пайдалануға тыйым салынатыны көрсетілген. 

Жаңашылдықтардың бірі – енді спортшылар Мемлекеттік Тудың бейнесін спорттық киімдері мен жабдықтарында ресми түрде пайдалана алады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік рәміздерді ресми интернет-ресурстарда, стендтерде және плакаттарда орналастырудың бірыңғай тәртібі бекітілді. Алдымен Мемлекеттік Ту, кейін Мемлекеттік Елтаңба, содан соң Мемлекеттік Әнұран мәтіні орналастырылуы тиіс. Ал стендтердің фоны көк түсті, жазулары алтын түстес болуы қажет.

Жаңартылған қаулы 13 шілдеден бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау