USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мемлекет басшысы: Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы.

Қазақстан президенті еліміздің басты нышандарының маңыздылығына тоқталып, барша отандастарымызды айтулы мерекемен құттықтады.

"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Шын патриот адам көзбояушылыққа бармайды, ел мүддесі үшін еңбектенеді


Президенттің айтуынша, Көк ту, Елтаңба және Әнұран – біздің тәуелсіздігіміздің мызғымас негізі және әрбір азаматтың мақтанышы. Оларды қастерлеу – отаншылдық пен мемлекетшілдіктің басты белгісі.

"Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз