Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік Туды үйде, көлікте, көшеге іліп қоюға қатысты пікір білдірді.
"Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, "отаншылмын, патриотпын" деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ. Қазір қоғамда "Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?" деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс", – деді президент.
Дегенмен, мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек.
"Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет. Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады", – деді президент.
USD:
506.1 / 509.1
EUR:
592.5 / 596.5
RUB:
6.43 / 6.55