Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр президенттің мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
"Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр.
Астанадағы алып шолу дөңгелегінде Шәмші Қалдаяқовтың бейнесі көрініс тапты
Мұхтар Шаханов пен Шәмші Қалдаяқовтың "Ақ бантик" әні түлектер гимніне айнала ма?