USD: 470.3 / 473.1
  • EUR: 546.5 / 551.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Мұхтар Шаханов пен Шәмші Қалдаяқовтың "Ақ бантик" әні түлектер гимніне айнала ма?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Павлодар облысында "Ақ бантик" музыкалық челленджі өтіп жатыр.

Павлодар облысында марқұм ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығын насихаттауға арналған музыкалық челлендж басталып, оған өзге өңірлердің де мектеп оқушылары белсенді қатысып жатыр. 

Челлендж аясында биыл мектеп бітіретін түлектер ақын сөзін жазған "Ақ бантик" әнін (әнін композитор Шәмші Қалдаяқов жазған) бірігіп шырқайды. Бұл туынды қазақ музыка өнерінде ерекше орын алады және нәзік сезім мен жастық шақтың символы ретінде танымал. Әнде мектептегі алғашқы махаббат, аңғалдық пен адалдық жырланады.

Павлодар өңірі бастаған челленджден кейін әлеуметтік желіде бұл әнді мектеп түлектерінің гимніне айналдыру жөнінде бастама көтерілді

Еске салайық, Қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов биыл 19 сәуірде өмірден өтті. Ол Түркістан облысында Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз