Қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Астанадағы алып шолу дөңгелегінде бейнесі көрініс тапты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Композитордың LED-жарықтандыру технологиясы арқылы жасалған портретінің диагоналі 65 метрді құрайды және ол 53 мың пиксельден тұрады. Ауқымды бейне қаланың бірнеше тұсынан – Сарыарқа және Тұран даңғылдары, сондай-ақ Қорғалжын тасжолы жағынан анық көрінеді.
Арнайы тақырыптағы бейнетрансляция композитордың шығармашылығына арналған мерекелік шаралардың бір бөлігі болды.
Айта кетейік, бүгін елордада Шәмші Қалдаяқовтың туған күні кең көлемде аталып өтті. Қаланың әр жерінде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық акциялар, перформанстар және блиц-сауалнамалар ұйымдастырылды.
Мұхтар Шаханов пен Шәмші Қалдаяқовтың "Ақ бантик" әні түлектер гимніне айнала ма?
Шәмші Қалдаяқовтың "Айша қыз" әнінің жазбасы Атырау архивінен табылды