Тікелей эфир

Мемлекет қандай жұмыс орындарына субсидия бөледі және оның мөлшері қандай?

Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді

Ашық НҚА порталында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары жарияланды.

Бұйрық жобасына сәйкес, мансаптық орталықтар ұйымдарға арнап жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша субсидияланатын келесі жұмыс орындарын құрады:

  • қоғамдық жұмыстар;
  • әлеуметтік жұмыс орындары;
  • жастар практикасы;
  • "Алғашқы жұмыс орны" жобасы;
  • "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы;
  • "Күміс жас" жобасы.

Оқи отырыңыз: Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы 224 мың теңгеге жетуі мүмкін. Оны қалай алуға болады?


"Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысының немесе субсидияның ай сайынғы мөлшерін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді. Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы мен банк қызметтері ескеріледі", – делінген бұйрық жобасында.

 

Жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысы келесі мөлшерде белгіленеді:

  • қоғамдық жұмыстар – 20 АЕК-тен (2023 жылы – 69 мың теңге) төмен емес;
  • әлеуметтік жұмыс орындары – жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ 20 АЕК-тен аспайды;
  • жастар практикасы – кемінде 30 АЕК (2023 жылы – 103 500 теңге);
  • "Алғашқы жұмыс орны" жобасы – кемінде 30 АЕК;
  • "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы – кемінде 30 АЕК.

"Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмыс орындарына орналасқан адамдар үшін:

  • алғашқы бір жылда жалақы мөлшерінің 70%-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
  • бір жылдан екі жылға дейін жалақы мөлшерінің 65%-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
  • екі жылдан үш жылға дейін жалақы мөлшерінің 60%-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

Оқи отырыңыз: 2023 жылы "Күміс жас" жобасына қатысушыларға қанша субсидия бөлінеді?


Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер жергілікті бюджеттер немесе жұмыс берушілердің қаражатынан алынады.

Мүгедектігі бар адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жыл сайын өңірлік комиссиялар белгілейді.

Бұйрық жобасы 21 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған. 

Серіктестер жаңалықтары