USD: 483.5 / 486.5
  • EUR: 562.5 / 567.5
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мемлекет басшысы: Шын патриот адам көзбояушылыққа бармайды, ел мүддесі үшін еңбектенеді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі тұрақтылығы, ұлттық бірегейлігі мен тарихи мұрасын ұлықтау бағытындағы басымдықтарды айқындады. Мемлекет басшысы ел болашағы үшін жасампаз отаншылдық пен ұрпақтар сабақтастығының маңызы ерекше екенін атап өтті.

"Біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде" өзімізге сенімді болуымыз керек. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау мен төл тарихымызды ғылыми негізде түгендеу бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Ол Ұлық Ұлыс тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталғанын сүйіншіледі.

"Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды. Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды", – деді президент. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз