USD: 483.5 / 486.5
  • EUR: 562.5 / 567.5
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Тоқаев: Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады

Тоқаев: Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады
Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттілік тарихы мен заманауи саяси жүйесінің сабақтастығына тоқталып, Алтын Орданың ел шежіресіндегі орны туралы маңызды мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы заманауи басқару үлгісі мен өткен тарихтың байланысын ерекше атап өтті.

"Бұдан бөлек, біз жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен сабақтас екенін айқын көрсеттік. Елордамызда Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынады. Жақында Астанада ЮНЕСКО-ның аясында Алтын Орда мұрасын зерттеу ісіне арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Мұның бәрі мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түсуге зор ықпал етеді. Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды. Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады", – деді мемлекет басшысы. 


Оқи отырыңыз: Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары алғаш рет көрмеге қойылды


Президент басшысы орта ғасырдағы алып империяның мемлекеттік институттарының озық болғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Ұлық Ұлыс өз заманының инновациялық орталығы болған. Сонымен қатар Президент Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары мен толеранттылық қасиеті екеніне назар аударды.

"Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді. Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады. Сондықтан Ұлық Ұлыстың мұрагері ретінде біз Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін, ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ қауіпсіздікті сақтап, халықтарының игілігі үшін қызмет еткенін құптаймыз. Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз