Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталады.
2023 жылғы негізгі ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілде күні аяқталады. Бұл ретте Ұлттық тестілеу орталығы тестке кіру ережесін жариялады.
Атап айтқанда, талапкерлер тестілеуге мектеп формасын киіп келуге міндетті емес.
"Тестілеуге еркім киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының базасы жаңарды
Сондай-ақ, оқушыларға өзімен бірге су және шоколад алып кіруге рұқсат етіледі.