USD: 489.7 / 492.3
  • EUR: 569.5 / 574.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

"Медеу" биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
16 маусымнан бастап "Медеу" автотұрағы жабылады.

Алматыдағы "Медеу" биік таулы спорт кешеніне жақын орналасқан автотұрақ биылғы 16 маусымнан бастап уақытша жабылады. Шектеу желтоқсан айына дейін жалғасады.

Алматы қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, бұл шешім "Медеу" кешенін қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру аясында қабылданған.

Автотұраққа кірудің уақытша шектелуі құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.

"Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін спорт кешенінің инфрақұрылымы жаңартылып, келушілер үшін қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз