Кей ведомство басшылары бұйрық шыққан жағдайда кез-келген уақытта қызметінен кетуге әзір екенін айтты.
31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы бірқатар министрге сұрақ қойып, олардың Мәжіліс сайлауынан кейінгі Үеімет құрамында болуы мүмкін өзгерістер туралы не ойлайтынын білді. Арна тілшілерінің сауалына кей ведомство басшылары бұйрық түссе, кез келген уақытта қызметінен кетуге әзір екенін айтса, кейбірінің өз қызметіне көңілі тоқ екені байқалды.
Сонымен, шенеуніктердің қайсы өз қызметін сақтап қалуға үміт етеді?
Оқи отырыңыз:
- Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді
- 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауының ерекшеліктері қандай? 12 сұраққа жауап
- Жетінші Мәжіліс өз миссиясын орындады ма? Экс-депутаттардың желідегі жазбаларына шолу
Зүлфия Сүлейменова, экология және табиғи ресурстар министрі:
– Министрлікте мұндай мәселелер өте күрделі. Экология мәселелері бір күнде шешілетін мәселе емес. Дегенмен, қазіргі таңда ауа сапасы болсын, су шаруашылығы болсын – әртүрлі салаларда бірқатар мәселелерді шешуге тырыстық.
Ербол Қарашөкеев, ауыл шаруашылығы министрі:
– Біз өзіміз есептегеннен ештеңе өзгермес. Үкімет басшылығы өзінің бағасын беріп, тиісті шешімін қабылдайды деп ойлаймын.
Саясат Нұрбек, ғылым және жоғары білім министрі:
– Жеті ай болса да, қызметімізді адал атқардық деген ұстанымдамын. Ең бастысы, президенттің, Үкіметтің қолдауымен ғылым саласының бюджеті 3,5 есе өсірілді.
Бағдат Мусин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
– Біз әр күн сайын кетуге дайынбыз. Сондықтан қашан бізге бұйрық беріледі, сол күні орынды босатамыз.
Болат Ақшолақов, энергетика министрі:
– Сіз сұрағандай, кетейін деп жүрген адамның көңіл-күйінде емеспіз. Осындай лауазымдағы жұмыста олай жасауға болмайды6 негізі. Ол деген еліміз үшін де өте қауіпті ғой. Бәріміз қанша уақыт берілсе, сонша уақыт жұмыс істейміз. Болашақта көреміз.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-