Мәжіліс депутаты тұрмысы төмен отбасындағы әр балаға 36 мың теңгеден беруді ұсынды

Қазақстанда әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрып жатыр.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, "Қамқорлық" қорының жетекшісі Динара Зәкиева АӘК-ті әр балаға күнкөріс минимумына дейін арттыруды ұсынды.

"Кемінде 625 мың, демек әрбір оныншы бала, аз қамтылған отбасында тұрып жатыр. Мұндай отбасыны қолдаудың бір түрі – атаулы әлеуметтік көмек, яғни АӘК. Алайда оның мөлшері тіпті қарапайым қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 6 адамнан тұратын отбасына берілетін АӘК 7 мың теңгедей ғана", – деді Динара Зәкиева.

Әрі қарай ол көмекке мұқтаж баланы немесе отбасын өздігінен анықтап, көмек көрсетудің орнына, жұмыс тек келіп түскен өтінішпен жүргізіліп жатқанын айтты. Бұған дәлел – кеңестің өзі, өңірлерді аралау барысында аз уақыт ішінде мемлекеттік бағдарламалар туралы мүлдем естімеген, қандай құқықтарының бар екендігін білмейтін, құжаттары жоқ болған соң қарапайым қызметтер мен көмек түрлерін ала алмай жүрген 200-ден астам отбасы.


Оқи отырыңыз: 


"Ешқашан мектепке бармаған 10-13 жастағы, ауруы барына қарамастан, туғаннан бері ешқандай медициналық тексеруден өтпеген балаларды көрдік. Бұл отбасылар туралы учаскелік полицейлер әкімдіктерді хабардар етсе де, олар адам шошырлық жағдайда өмір сүрулерін жалғастырған. Бүгінде 1 млн 145 мың отбасы дағдарыс жағдайында, ал қолайсыз жағдайда деп есепте тұрған отбасыларда 12 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Нәтижесінде, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі көбінесе бала құқықтарының бұзылуы мен қайғылы салдарларға, яғни оның балалар үйіне түсуіне және зорлық-зомбылыққа әкеп соғады. Өткен жылы 2 888 балаға қарсы қылмыс жасалған. Демек, күніне 6 бала", – деп жазды Динара Зәкиева.

Осы орайда, ол өкілетті органдардың балалар жылына арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатқанын айтып, келесі тармақтарды қосуды ұсынды:

  1. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдаудың тиімділігін арттыру үшін АӘК-ті әр балаға күнкөріс минимумына дейін арттыру. Яғни 1 балаға – 36 мың теңге. Бұл үшін қосымша 225 млрд теңге керек.
  2. Елдімекендерде отбасына кешенді түрде көмектесу және бала құқықтары бұзылуының алдын алу жөніндегі өкілетті органдар арасында жұмысты үйлестіріп отыратын және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін отбасы, жастар және балалар істері жөніндегі дербес басқарма құру. Тәжірибе көрсеткендей, көмек дер кезінде көрсетілсе, отбасы мен баланы қиын өмірлік жағдайдан шығару әбден мүмкін. Мұны кеңес бастамасымен құрылған, құрамына әкімдік өкілдері де кіретін жедел әрекет ету топтары жұмысының нәтижесі растайды. Мәселен,былтырдың өзінде олар көмекке мұқтаж 17 мың отбасын анықтап, оларға кешенді түрде көмек көрсетті. 10 мың адамды жұмысқа орналастырды, құжат, жәрдемақы және тұрғын үй алуға жәрдемдесті.
  3. Стратегиялық құжаттарда көрсетілген отбасы институтын нығайту, отбасылық қолайсыздықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу жөніндегі нысаналы индикаторларды өңірлердің аумақты дамыту жоспарларына енгізу.

Еске салсақ, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардағы электронды кезектің бірыңғай базаға жинақталатыны туралы хабарлаған еді. Бұл ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары