Тікелей эфир

Мақпал Жұмабай "Тіл-Қазына" ұлттық-ғылыми орталығының бас директоры болып тағайындалды

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов жаңа басшыны ұжымға таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

2 мамырда ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының бұйрығымен Мақпал Жұмабай Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" республикалық ұлттық-ғылыми практикалық орталығының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы tilalemi.kz сайты хабарлады.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов жаңа басшыны ұжымға таныстырып, кірісіп жатқан қызметіне табыс тіледі.

Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай 1985 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының "Кино және телевизия" фаультетін бітірген. Осы мамандық бойынша ғылым магистрі.

Еңбек жолын республикалық "Ана тілі" газетінің тілшісі, бөлім редакторынан бастаған. Одан кейінгі жылдары "Қазақстан" ұлттық телеарнасының таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы, "Балапан" телеарнасының шеф-редакторы, продюсері, Қазақстанның ашық кітапханасы www.kitap.kz жобасының жетекшісі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, "Balapan" телеарнасының директоры,  "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрайымының орынбасары болып қызмет етті. 

2022 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары