Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Huawei компаниясымен бірлесіп, қазақ тіліндегі алғашқы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар терминдерінің сөздігін әзірлеу туралы мәселені пысықтап жатыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Сонымен қатар министр қазақстандық студенттер биыл да "Seeds for the Future" әлемдік байқауына қатыса алатынын айтты. Бұл бағдарлама Қытайдағы Huawei ғылыми-зерттеу кампусында тағылымдамадан өтуге және MWC Barcelona 2024 көрмесіне қатысатын ең үздік студенттерді таңдауға мүмкіндік береді.
Студенттерді іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:
- мамыр – ЖОО деңгейіндегі іріктеу;
- маусым – онлайн сұхбат;
- тамыз – Катардағы 8 күндік офлайн курс және Дубайдағы 5 күндік аймақтық лагерь.
Оқи отырыңыз: "Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі" жарыққа шықты
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінгі таңда Huawei компаниясы елдегі университеттер базасында 29 АКТ академиясын ашқан. Академияларда 4 мыңнан астам студент оқиды, олардың 600-ге жуығы емтихандарды сәтті тапсырып, IT мамандарының сертификатын алған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
277
-
0
-
0
-
-
2🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
266
-
0
-
0
-
-
3🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
261
-
0
-
0
-
-
4🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
285
-
0
-
0
-
-
5🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
292
-
0
-
1
-