“Қазір төрт түлікті бағу шаруа қожалықтарына күннен күнге қиынға соғып барады” дейді шаруалар.
Қуаңшылықтың салдарынан жыл бойы малына азық таппай қиналған маңғыстаулық шаруаларды енді қымбатшылық қыспаққа алды, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Қуаңшылықтан әбден қысылған маңғыстау шаруалары қарызға белшеден батқан. Жыл бойы мал азығын сатып алып, қалтасы жұқарған олар енді қаражатты қайдан аларын білмейді. Азықты үнемдеп бергеннің өзінде, бір бас ірі қара бір күнде мөлшермен жарты қап жемді тауысады. "Қазір төрт түлікті бағу шаруа қожалықтарына күннен күнге қиынға соғып барады" дейді шаруалар. Сондықтан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтан мал азығының бағасын 50 -60 пайызға арзандатуды талап етіп отыр.
"1 келі кебек – 50 теңгеден, 1 түк шөп – 500 теңгеден, 1 бума шөп 8000 теңгеден сатылсын деген талап қойдық. Және бұл талапты 25 қаңтарға дейін орындап, қанағаттандыруын сұрадық", – дейді шаруалардың бірі Әділбек Сағындық.
Оқи отырыңыз: Жұтпен күреске бөлінген бюджеттің 700 миллион теңгесі әлі игерілмеген
Министрдің қабылдауында да болған шаруалар жағдайдың күн санап күрделеніп бара жатқанын айтады. Олар өңірде нағыз аязды күндер ақпанда болады деп болжап отыр. Сондықтан, "талабымыз тез арада орындалсын" дейді. Дегенмен, шенеуніктер шаруалардың қалауын жасауға асығар емес.
"Қазіргі уақытта Солтүстік облыстарда қыс түсуіне байланысты бір орамаға 10 мың теңге көлемінде қалыптасып отыр. Оның үстіне жол шығындары бар", – дейді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.
Басқарма басшысының айтуынша, "Каспий" әлеуметтік корпорациясы арқылы мал азығын тасымалдаушы операторларға 250 миллион теңге несие ретінде берілген. Ал шаруаларға мал азығын ең төмен бағада тасымалдап жүрген операторлардың бірі Ерлан Рысбай қазір басқа өңірден жеткізілетін жем мен шөптің қымбаттағанын растап отыр.
"Қыс айы басталғаннан кейін 4-5 мың теңгенің рулондары екі есе өсті. Өз құны мұнда 12 500-13 000 теңге болып келеді", – деп түсіндірді Ерлан Рысбай.
Әкімдіктің мәліметінше, өңірдегі мұнай компаниялары қаржылай қолдау білдіріп, мал азығын арзандатуға көмек беріп жатыр. Соның арқасында шаруалардың бірдейлендіру базасына тіркелген мал басына бір келі жем 75 теңгеден сатылып жатыр екен.
Оқи отырыңыз: "Жер берсе, субсидия сұрамаймыз". Мал баққан шаруаның мұңы қандай?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
322
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
293
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
272
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
264
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
258
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
297
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
282
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
321
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
318
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
260
-
0
-
0
-