Маңғыстау облысы әкімдігі Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету мақсатында "Ұлттық рух" қоғамдық бірлестігін бірыңғай оператор ретінде белгіледі.
"Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы қатаң түрде нысаналы мақсатқа сай және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады", – делінген хабарламада.
Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері арқылы аудара алады.
Облыс әкімдігі алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында азаматтарды қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармауға шақырады.
"Ұлттық рух" қоғамдық бірлестігінің ресми реквизиттері:
- БСН: 090140013447
- Банк: "Alatau City Bank" АҚ
- БСК: TSESKZKA
- ЖСК: KZ03998PTB0000488655
- Валюта: KZT
Маңғыстауда суға кеткен екі сарбазды қанша адам мен техника іздестіріп жатыр
Каспийдегі қасірет. Қаза тапқан әскери қызметшілердің есімі белгілі болды