Маңғыстау облысындағы әскери жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімі белгілі болды.
Олар:
- Мадихан Азамат Болатбекұлы, 2007 жылғы 10 маусымда туған..
- Төлеген Ақылбек Қабенұлы, 2007 жылғы 11 ақпанда туған.
- Бердиханов Мейрамбек Ермұханұлы, 2006 жылғы 21 наурызда туған.
- Аяпберген Сержан Талғатұлы, 2006 жылғы 18 ақпанда туған.
- Мұхтарұлы Олжас, 2003 жылғы 9 қаңтарда туған.
- Темірғалиев Жеңіс Тілеушеевич, 2005 жылғы 8 мамырда туған.
- Кобенов Алмас Жүсіпұлы, 2006 жылғы 23 қаңтарда туған.
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, 2007 жылғы 23 сәуірде туған.
- Жаңабай Асет Саматұлы, 2006 жылғы 19 қыркүйекте туған.
- Бегей Дастан Нұрболұлы, 2007 жылғы 3 қыркүйекте туған.
- Диханбаев Олжас Тәжибайұлы, 2005 жылғы 14 қаңтарда туған.
- Гилаж Ақжайық Болатбетұлы, 2006 жылғы 15 қыркүйекте туған.
Хабары әлі белгісіз әскери қызметшілер:
- Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы, 2007 жылғы 2 маусымда туған.
- Тұрдыбекұлы Мирас, 2007 жылғы 17 тамызда туған.
Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр халде жатқан әскери қызметші:
- Темерхан Ақжол Тимурұлы, 2007 жылғы 11 тамызда туған.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні Каспий теңізі ағызып әкетті. Қорғаныс министрлігі қазіргі таңда 12 адамның қаза тапқанын растады. Үш әскери қызметші құтқарылды, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев аттанды.
Ақтау гарнизоны қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы құрылған жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды