2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Маңғыстауда іздестіріліп жатқан екі сарбаздың денесі табылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қайғылы оқиға кезінде қайтыс болғандардың саны 14-ке жетті.

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде суға ағып кеткен әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

"Бүгін, 25 қыркүйек сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды", – делінген министрліктің хабарламасында.

Осылайша, суға аққан 17 әскери қызметшінің 14-і қайтыс болды. Тек үш әскери қызметші ғана аман қалды. 

Еске салайық, қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі — "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау" және 465-бабы — "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау