USD: 471.9 / 474.9
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Магистратураға түсу тестінде 41 талапкердің нәтижесі жойылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
25 мыңнан астам адам магистратураға түсу емтиханын тапсырды.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталғалы 25 мыңнан астам талапкер емтихан тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 46%-ы, ал бейінді бағыт бойынша 27%-ы шекті балл жинаған.

Министрліктің хабарлауынша, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа балл 76, ал бейінді бағыт бойынша 25 болды. Тестілеудегі ең жоғары нәтиже – 134 балл.

"Тестілеу барысында 41 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 31 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ал 10 талапкер емтихан кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды. Тестілеу нәтижесімен келіспеген талапкерлер онлайн-апелляция бере алады. Өтінішті емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде жолдау қажет. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қаралады, содан кейін сертификат талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады", – делінген хабарламада. 

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, ал бейінді бағыт бойынша 30 балл жинау қажет. Биыл магистратураға түсуге 61 мыңнан астам өтініш қабылданып, оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау