Мағира Қожахметова, Батық Мәжитұлы және Серік Нұғыман президенттің алғыс хатымен марапатталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Марапатты президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады.

Қазақстан Жазушылар одағына президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев келіп, қаламгер қауыммен және одақ құрылтайшылығымен жарық көретін басылымдардың ұжымымен жүздесті, деп хабарлады Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында әдебиет пен руханият саласының өзекті мәселелері қозғалып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас қаламгерлерді қолдау, қазіргі әдеби үдерістің бағыт-бағдары төңірегінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Президент кеңесшісі Мемлекет басшысының шығармашылық зиялы қауымға деген айрықша ықыласын жеткізіп, ел руханиятын дамыту жолындағы еңбектің маңызын атап өтті.

"Қазақстан Жазушылар одағы – ұлт руханиятының қара шаңырағы. Бұл ұйым ел әдебиетінің дамуына, ұлттық сөз өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Одақ тек шығармашылық орталық қана емес, ұлттың рухани тұтастығын сақтайтын, зиялы қауымның басын біріктіретін маңызды институт. Кейінгі жылдардағы Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен жүзеге асып жатқан жобалар мен басылымдардың мазмұндық сапасы туралы айтпай кетуге болмайды. Расында да, сіздердің еңбектеріңіз – қоғамның рухани иммунитетін қалыптастыратын құндылық. Мемлекет әрдайым қаламгерлердің жанашыры болады", – деді Мәлік Отарбаев.

Жиында әдебиет саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан үш қаламгер – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Мағира Қожахметова, қазақ әдебиеті мен журналистикасында өзіндік үні, айқын қолтаңбасы бар ақын, журналист Батық Мәжитұлы және аудармашы, сыншы, белгілі жазушы Серік Нұғыман Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жиынның тізігінін ұстаған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов қаламгерлердің шығармашылық табыстары мен ел руханиятына сіңірген еңбектеріне жоғары баға берді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз