Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-парақшасында биылғы ҰБТ-да ереже қалай бұзылғанын көрсетті.
Оның айтуынша, статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзатындарың саны азайып келе жатыр.
"Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы 2 522, 2021 жылы 756, 2022 жылы 327 тыйым салынған зат анықталған. Көрсеткіш 400 есеге азайған. Бұл талапкерлердің бүгінде өз біліміне сеніп, академиялық адалдық ережелерімен жақсы таныс екенін көрсетеді", – деп жазды Руслан Емелбаев.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-2023: Үш талапкер 137 балл жинады
Оның айтуынша, бәрібір де "шпаргалкалка" алып кіретін талапкерлер әлі де бар.
"Мысалы, ҰБТ-ның бес аптасы бойынша ең креативтерін осы постта ұсынып отырмын. Талапкерлер біздің қырағы бақылаушыларымызды алдай алмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды", – деп жазды ол.
Орталық басшысы постта қаламсапқа оралған "шпаргалканы", костюм астарына тігілген смартфонды және түлектерден алынған смартфондар мен құлаққаптарды көрсетті.
Оның айтуынша, орталыққа тестілеу ережелерін бұзу туралы түскен әрбір өтініш қарастырылады. Былтыр постмониторинг нәтижесінде 200-ден астам адамның нәтижесі жойылған. Оның ішінде 137-і грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс жалғасады.
Айта кетейік, 2023 жылғы ҰБТ-ның бітіуіне екі апта қалды.