Тікелей эфир

ҰБТ-2023: Үш талапкер 137 балл жинады

Талапкерлердің 77 пайызы шекті балл жинады.

Елімізде негізгі ҰБТ басталғаннан бері 169 мың реттен астам тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы – қазақ тілінде, 26 пайызы – орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

​ҰБТ басталғалы талапкерлердің 77 пайызы шекті балл жинады. Қазіргі уақытта орташа балл – 69, ал ең жоғары балл – 137. Жоғары балды республика бойынша үш талапкер жинады. 

"ҰБТ-ның төртінші аптасы аяқталды. Талапкерлер тестілеудің екінші мүмкіндігін тапсырып жатыр. Осы аптада біз IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын ағылшын тілі бойынша ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласын жарияладық. Оған қоса, SAT, ACT, IB, A-Level стандартталған тест балы бекітілді. Осы сертификат иегерлеріне нәтижеін ҰБТ балына конвертациялауға мүмкіндік береді", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттігі бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 486 талапкер қатысты. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары