Кореядағы ең қымбат "Кальмар ойыны – 2" мен "Ыстық ұя – 3" дорамаларының тизері шықты

"Кальмар ойыны – 2" веб-телехикаясының бірінші бөлімі осыдан үш жыл бұрын көрсетілген болатын.

Netflix Korea өзінің youtube арнасында 2024 жылы көрерменге жол тартатын әлемге әйгілі телехикаяларының тизерін жариялады. Олар – "Кальмар ойыны – 2", "Ыстық ұя – 3", "Қанішер парадоксы" және "Кенсоннан шыққан жаратылыс".

"Ыстық ұя – 3"

Басты рөлдерді Сонг Кан, Ли Джин Вук және Ли Си Ён сомдайтын оңтүстік кореялық "Ыстық ұя" веб-телехикаясы Ким Карнбидің вебтунына негізделген. Ол адам баласына жат жаратылыстар мен түрлі апаттарға қарсы күресетін адамдар туралы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Netflix Korea (@netflixkr)

Бірінші маусымын Netflix 2020 жылдың 18 желтоқсанында жариялады. Ал екінші маусымы 2023 жылдың 1 желтоқсанында шықты. Үшінші маусым 2024 жылдың жаз айында шығады деп жоспарланып отыр.


Оқи отырыңыз: Режиссер Дархан Төлегенов: Кино – иррационал өнер, екі элементті қосқанда не шығарын білмейсің


"Кальмар ойыны – 2"

Netflix өз платформасында 2024 жылы жариялауды жоспарлап отырған фильмдер мен телехикаялардың арасында "Кальмар ойыны" телехикаясының да тизері бар. Оның бірінші маусымы 2021 жылы көрсетілген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Netflix Korea (@netflixkr)

17 секундтық тизерде телехикаяның бірінші маусымының басты кейіпкері Сон Ки Хун (456 нөмір) көрсетілген. Ол бірінші маусымда өмір үшін күрес ойынының жеңімпазы атанып, 38 миллион долларды иеленген болатын. Тизерде бірінші маусымның соңындағы көрініс жалғасқан. Яғни Сон Ки Хун телефон арқылы ойынды кімдердің ұйымдастырғанын әшкерелейтінін айтады. 


Оқи отырыңыз: "Сені маған уәде етті": Діни фанатизм мәселесі отандық фильмге арқау болды


Koreaes.com сайтының мәліметіне сүйенсек, "Кальмар ойыны – 2" – бұл Оңтүстік Кореядағы ең қымбат дорама. Сондай-ақ Ли Чжон Чжэ, Ли Бён Хон, Ви Ха Джун және Гон Ю секілді аса танымал актерлар дораманың шетелде танылуына ерекше үлес қосты. Екінші маусымда да  Им Си Ван, Кан Ха Ныль, Пак Сон Хун, Ян Дон Гын, Пак Гю Ён, Чо Юри, Кан Э Сим, Ли Да Вит, Ли Джин Ук, Чхве Сын Хён, Но Джэ Вон, Вон Джи Ан секілді танымал актерлер ойнайды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары