Конго Эболаға қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді бастады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Екпе ерікті азаматтарға салынып жатыр.

Конго Демократиялық Республикасының Итури провинциясындағы Буния қаласында Эбола вирусына қарсы вакцинаның клиникалық сынағы басталды. 

"Эрвебо" вакцинасының сынағына алдағы 9-12 айда 20 мың ерікті қатысады. Зерттеудің мақсаты – қазіргі эпидемияға себеп болған "Бундибугио" штамына қарсы вакцинаның қорғаныс тиімділігін анықтау.

Бұған дейін вакцинаның Эболаның кең таралған "Заир" штамына қарсы тиімділігі расталған.

Алдымен екпе медицина қызметкерлеріне және эпидемия ошағында жұмыс істеп жүрген басқа да мамандарға салынады. Ervebo вакцинасы Эболаның басқа штамы тудырған алдыңғы індеттер кезінде тиімділігін көрсеткен.

Сонымен қатар қазіргі індетке себеп болған штамға қарсы мақұлданған вакцина әзірлеу үшін клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

"Біз ең алдымен алдыңғы шепте жүрген адамдарды қорғау үшін Ervebo вакцинасын қолдануды ұйғардық", – деді Конгоның денсаулық сақтау министрі Роджер Камба.

Елдің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институтының соңғы мәліметіне сәйкес, эпидемия басталғалы бері 3 639 адам қайтыс болып, 7 541 адам вирус жұқтырған. 1 823 адам жазылып шыққан. Қазір вирус елдің жеті провинциясына таралған.

Тамыз айында Конгоға шамамен 70 мың доза Ervebo вакцинасы жеткізілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау