Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімі мен қызметін сатып жатыр.
Мемлекеттік колледждердің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ ақша табуға мүмкіндік берілген. 2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тапты, деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Яғни жаңа заңнамалық түзетулер колледж студенттеріне оқу-өндірістік цехтар мен оқу шаруашылықтарында өздері өндірген өнімдерді сатуға мүмкіндік береді. Өзгерістерді әзірлеушілер мұндай шара студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратынын атап өтті.
"Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімі мен қызметін сатып жатыр. Мысалы, олар колледж қабырғасында дайындалған тәттілерді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатады. Сондай-ақ, "Дәнекерлеу ісі" мамандығы бойынша оқитын студенттер өндірістік тәжірибе кезінде темірден конструкциялар жасап, еңбек нарығына шығарады. Біз бұл жерде толық кәсіпкерлік қызмет туралы емес, тек өндірістік оқу мен тәжірибе кезінде өндірілген өнімдердің сатылып, колледж бюджетін толықтыруға болатынын ғана айтып отырмыз. Бұл қаражатты өндірістік оқытуға арналған электродтарды немесе металды сатып алуға пайдалануға болады. Мұндай жұмыстар еліміздің басқа колледждерінде де жалғасын табады", – деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Оқи отырыңыз: Биылдан бастап колледжге түсу құжаттары тек Egov жүйесінде қабылданады
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
248
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
256
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
237
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
247
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
263
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
249
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
252
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
251
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
223
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
224
-
1
-
5
-