Жұрт жануарлар аштан өлген деп топшылайды. Ал табиғи аумақтың жанында тұратын ауыл халқы далада жатқан өлекселерден инфекциялық аурулар тарала ма деп алаңдайды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Красный бор" қорығының маңындағы қоқыс полигонында марал мен бұғының өлекселері жатыр. Жабайы жануарларды сол маңдағы ауыл халқы көріп, бірден дабыл қақты.
"Қазір, міне, ауыл жақтан келе жатырмын. Олардың қырылып жатқанын өз көзіммен көрдім. Қорымның жетіспеушілігінен олар осындай жағдайға тап болып жатқанын білеміз. Әрине, обал. Оларға көмектесетін бір шара қолданылса жақсы болар еді. Адамдар өлексенің арнайы орындарда жойылмай, әр жерде шашылып жатқанына наразы. Олар инфекциялық ауру тарала ма деп қауіптенеді", – деді Есіл ауданының тұрғыны Сағындық Сәрсек.
Мамандар үрейге бой алдыруға негіз жоқ екенін айтты. Олар марал мен бұғының 40-қа жуық басы қырылып қалғанын растады. Жануарлардан сынама алынып, сараптамаға жіберді.
"Қыс бойы жаңбыр жауды. Одан кейін қатты аяз болды. Оның үстіне бізде қардың көлемі өте көп. Оларға азық табу өте қиын болып жатыр. Ол жағдайдың алдын алу үшін біз күн сайын немесе екі күнде бір рет оларға толық азық төгеміз. Оның ішінде шөп, жем және тұз бар. Азық алу үшіе 100 шақырымнан астам жол тазаландын", – деді СҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Қуан Есімов.
Оқи отырыңыз: Қазақтың "Адай" жылқысының қасиеті заңды түрде бекітілді
Жалпы, табиғи аумақта мыңдаған елік, бұғы, марал мен қабандар тіршілік етеді. Жануарларға азық дайындау үшін биыл 5 жарым миллион теңге бөлінген.