Тікелей эфир

Қазақстанның оңтүстік үш облысында экстремизмге қатысы бар деген күдіктілер ұсталды

Операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізді.

17 сәуірде Қазақстанның үш облысында елде тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

"17 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отыра, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады", – деп жазылған хабарламада.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.


Оқи отырыңыз: Астана мектептеріне жаппай ату туралы ақпарат тарады. Полицейлер сабыр сақтауды сұрайды


Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктестер жаңалықтары