Тікелей эфир

Астана мектептеріне жаппай ату туралы ақпарат тарады. Полицейлер сабыр сақтауды сұрайды

Telegram желісінде қауіп төндіру туралы ақпарат – жалған ақпарат.

Telegram желісінде Астанадағы бірқатар мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат тараған, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Автор "тарихта қалатынына" сенім білдіре отырып, атыс қаруы мен пышақ қолдану арқылы жаппай ату туралы жазған. Қауіпті "ескертуде" шабуылдауға 20 адамның қатысатыны айтылған.

Департаментте тиісті қызметтер қаланың білім беру ұйымдарын тексергенін атап өтті. Полиция бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Тұрғындардан сабыр сақтап, тек қана ресми ақпараттарға сенуді сұраймыз. Жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді


 

Серіктестер жаңалықтары