ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация мамандарына қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйрығына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың жобасынан белгілі болды.
Жаңа талаптарға сәйкес, Авиациялық оқу орталығы мотодельтапланда даярлау бағдарламасын жасау кезінде оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ, ұшқыштардың арнайы сертификат алу үшін даярлық ұшу сағаттарының да саны артады. Атап айтқанда, LАPL (MHG)-қа үміткердің мотодельтапланда кемі 20 сағат ұшу даярлығы болуы, оның ішінде кем дегенде жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін мотодельтапланда пилот-нұсқаушымен 10 сағат болуы керек. Оның ішінде:
- 3, 15, 30 және 50 метр биіктіктерде 25 рет ұшуы;
- дроссельденген қозғалтқышпен кемі 40 рет қонуы;
- өте төмен әуе жылдамдығында 1 сағат ұшу, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, қанаттың жиналуын алдын-алу;
- 40 километрден кем емес қашықтық маршруты бойынша 2 сағат ұшуы;
- 6 сағат жеке ұшуы, оның ішінде 2 сағат 40 километрден кем емес қашықтық маршрутымен жеке ұшуы.
Оқи отырыңыз: Әуе билетінің бағасы неге жиі құбылады? Ұшақ жолаушылары тағы нені білуі тиіс?
Ал LАPL (АG)-қа үміткердің автожирда кемі 25 сағат ұшу даярлығы болуы, оның ішінде кем дегенде жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін автожирда пилот-нұсқаушымен 15 сағат болуы тиіс. Оның ішінде:
- дроссельденген қозғалтқышпен кемі 10 рет қону;
- аса төмен әуе жылдамдықтарында ұшудың 1 сағаты, ротор айналымдарының баяулауының бастапқы және дамыған сатысын тану және одан шығару;
- ұшу әуеайлағынан ерекшеленетін басқа әуеайлақта толық тоқтағанға дейін бір қонумен ұзақтығы кемінде 100 километр маршрут бойынша ұшудың 2 сағаты;
- 6 сағат дербес ұшу, оның ішінде маршруттар бойынша кемінде 3 сағат дербес ұшу, оның ішінде ұшу әуеайлағынан ерекшеленетін басқа әуеайлақта толық тоқтағанға дейін бір қонумен ұзақтығы кемінде 100 километр маршрут бойынша 1 рет ұшу.