Новости спорта

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында аптасына 14 рейс жасалады

Қазақстандық Air Astana, Fly Arystan, SCAT және Сауд Арабиялық Fly Nas екі ел арасында жаңа рейстерді іске қосады.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы азаматтық авиация саласында келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы жолаушы тасымалын арттыру мақсатында арнайы құжатқа қол қойды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Оған сәйкес, екі мемлекет арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 4-тен 14 рейске дейін, яғни 3 есеге жуық артады.

  • Air Astana Алматы – Медина бағытында;
  • Fly Arystan Ақтау – Медина бағыттарында аптасына жиілігі 2 реттен тұрақты рейстер орындайды.

Сондай-ақ, SCAT компаниясы да аптасында 2 рет Алматы – Джидда бағытында әуе тасымалын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ал Сауд Арабиялық Fly Nas әуе тасымалдаушысы Джидда – Алматы бағытында тұрақты рейс ашады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қажылыққа қаржы жинауға болатын қосымша іске қосылды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары