Ол арқылы адамдар шот ашып, қаржы жинаса, демеушілер өзге адамдардың қажылық парызын өтеуіне көмектесе алады.
Алматыда Qazaq travel компаниясының 10 жылдығы аясында жаңадан іске қосылған Zhinaq.kz жобасы таныстырылды. Бұл қосымша арқылы қажылыққа баруға шамасы жетпейтін қазақстандықтар енді сайт арқылы жеке шот ашып, ай сайын алдын ала қаржы жинай алады. Бұдан бөлек, қажылыққа шамасы жетпейтіндерге көмектесем дейтін кәсіпкерлер мен өзгелер де осы қосымшаны пайдалана алады.
Компания басшылығының айтуынша, бұл әлемде бар тәжірибе. Оны жүзеге асыру арқылы қасиетті мекенге барушылардың қатары еселене түспек.

Шара аясында компания өкілдері көпшілік алдында есеп беріп, өзге де өнімдерімен таныстырды. Сондай-ақ, компания қызметкерлері мен серіктестерге сыйлықтар табысталып, келушілер арасында үлкен қажылыққа 3 жолдама ойнатылды.
Компания қажылыққа қаржысы жетпейтін түрлі санаттағы адамдарға тегін жолдама береді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынатын тізім бойынша жылына кем дегенде 10 адамды үлкен қажылыққа жібереді. Бұл игілікті іс әрі қарай жалғасады, деп сендіріп отыр компания басшылығы.
Айта кетейік, Qazaq travel туристік компаниясы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сенімді серіктестерінің және туристер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін корпоративтік қор туроператорларының тізіміне енген. Бүгінде компанияның жылына қажылық маусымында шамамен 5 мыңдай адамға қызмет көрсете алатын мүмкіндікке ие.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
342
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
311
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
290
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
306
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
276
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
266
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
241
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
275
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
280
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
255
-
0
-
0
-