2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Каспийде қаза болған сарбаздардың жақындарына ұшақ билеті тегін беріледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
FlyArystan Каспийдегі оқиғадан кейін арнайы шешім қабылдады.

FlyArystan компаниясы Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына тегін әуе билеттерін ұсынды.

Компания мәліметінше, тегін билеттер 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында орындалатын Air Astana және FlyArystan компанияларының барлық ішкі рейстеріне беріледі.

"Тегін әуе билетін әскери қызметшілердің ата-аналары, жұбайлары, балалары, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері рәсімдей алады. Билет рәсімдеу кезінде туыстық қатынасты растайтын құжаттарды ұсыну қажет", – делінген хабарламада.

Компания бұл мүмкіндікті Каспийдегі қайғылы оқиғадан зардап шеккен әскери қызметшілердің жақындарына қолдау көрсету мақсатында ұсынып отыр. Әуе билетін рәсімдеу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:

  • +7 727 331 10 10
  • +7 702 702 0227 (WhatsApp)
  • +7 702 702 00 74 (WhatsApp)

Сондай-ақ Air Astana-ның онлайн-чаты арқылы өтініш беруге болады.

Еске салайық, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен. Олардың 14-і қаза тапты, үшеуі аман қалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау