Жеке кәсіпкерлерге салық салу ыңғайлы болуы үшін бірнеше салық режимі бар.
Кәсіпкерлер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдап, кассалық аппараттың мобильді нұсқасын заң жүзінде қолдана алады, деп мәлімдеді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің орынбасары Орынгүл Қазиева.
"Жеке кәсіпкерлерге салық салу ыңғайлы болуы үшін бірнеше салық режимі бар. Олардың ішінен өзіңізге ыңғайлысын таңдауыңызға болады. Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим жылына 10,3 миллион теңгеден аспайтын кіріс кезінде пайдаланылады. Сондай-ақ, қазір бірнеше мобильді қосымша бар. Кәсіпкер онлайн кассалық аппараттың мобильді нұсқасын жүктеп, оны заңды негізде пайдалана алады", – деді Орынгүл Қазиева.
Оқи отырыңыз: Мобильді аударымдар бойынша кімдер тексеріледі?
Мұнымен қатар, департамент өкілі екінші деңгейдегі банктер мен мемлекеттік органдар арасында жасалған мобильдік аударымдар туралы ақпаратты алмасу тәртібін түсіндірді. Айтуынша, дара кәсіпкерлер бойынша мобильді төлемдер жөніндегі мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органдарына беретін болады:
- ай сайын, e-salyk Business салық режимін қолданатындар бойынша, сондай-ақ, қызметті басқа салық режимдерінде жүзеге асырған кезде және осындай мәліметтерді беруге келісім берген жағдайда;
- жылына бір рет барлық жеке кәсіпкер бойынша.
"Кәсіпкер емес жеке тұлғаларға келетін болсақ, МКК және екінші деңгейдегі банктер арасында ақпарат алмасу ҚР ұлттық банкі, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп әзірлеу жоспарланып отырған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Мысалы, бір адамның қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде ай сайын 80-100 адамнан көптеген аударымды алған жағдайда", – деп түсіндірді Орынгүл Қазиева.
Еске салсақ, еңбекақыға зейнетақысының 2,64 коэффициенті теңестірілген елдер қатарында Қазақстан 9-орында орналасқанын хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
362
-
0
-
0
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
359
-
0
-
0
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
348
-
0
-
5
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
327
-
0
-
4
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
307
-
0
-
2
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
304
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
302
-
0
-
4
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
294
-
0
-
3
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
293
-
0
-
1
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
296
-
2
-
3
-