Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаланың эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтуіне байланысты бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.
Елордада:
- Бұқаралық іс-шараларға: марафон, спорттық, отбасылық, еске алу, оның ішінде үйде (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митинг, шеру, жиын, форум семинар, конференция және тағы басқа ұйымдастыруға және қатысуға;
- Қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтары, компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары, бильярд, океанариум, батуттар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтары, балалардың ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондары, мұзды және роликті сырғанақтарға,концерт залдарына, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, караоке, цирктер, түнгі клубтарға баруға;
- Діни бірлестіктер объектілері мен аумақтарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.ағы басқа) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар) өткізуге тыйым салынды.
- Қоғамдық тамақтану объектілерінде үстелдердің арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық болуы тиіс. Бір үстелде 4 адамнан ғана отыра алады.
Оқи отырыңыз: Алматы мен Нұр-Сұлтанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшірілді
Қоғамдық орындарда, қалалық қоғамдық көліктерде бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
Сонымен қатар, қызметкерлерде Covid-19-ға қарсы вакцинацияның болуына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіріледі.
Ал, мектептер 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін, ЖОО-лар мен колледждің барлық курс студенттері 6 ақпанға дейін қашықтықтан оқытуға көшірілді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-