Тікелей эфир

"Омикрон" штамының таралуына байланысты жаңа эпидемиологиялық болжам жасалды

Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 40 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Эпидемиологиялық болжам туралы Коронавирус инфекциясының омикрон түрі бойынша соңғы аптаның үрдісін ескере отырып, оның таралу барысын байқап, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды.  

  • Оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100 пайыз қамтығанда, профилактика шараларын жаппай сақталғанда тәулігіне 17,5 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін. 
  • Реалистік сценарий бойынша ревакцинациямен 70 пайыз қамтылып, профилактика шаралар ішінара сақталғанда тәулігіне 25,5 мың жағдай тіркеледі. 
  • Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 40 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін. 

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда "Омикрон" штамының таралуына байланысты коронавирус жұқтыру 5,5 есе өсті


"Бүгінгі таңда 14 мыңнан астам инфекциялық төсек-орындарда медициналық көмек көрсетуде. 3000-нан астам науқас ем алуда. Ал елімізде қосымша 50 мыңға дейін төсек-орынды ашуға дайындық бар, егер ауру ушығатын болса. Халықаралық тәжірибені ескере отырып. КВИ-дың диагностикасымен емдеудің клиникалық хаттамаларына жаңа инновациялық препараттар енгізілетін болады. Халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасады. Ол үшін шамамен 6,5 млн дозаны қосымша сатып алу бойынша шаралар қабылдануда", – деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ел ішінде де, мемлекеттік шекарада да қосымша шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды. 

 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары