Марат Қарабаевтың түсіндіруінше, көлік құны 10 млн теңгеден асса, үстіндегі ақшаны өзі төлейді. Яғни, көлік бағасына қатысты шектеу жоқ.
Қазақстанда отандық өндірістегі көліктер жоғары сұранысқа ие. Өткен жылы жүргізушілердің 65 пайызы елде өндірілетін көлікті сатып алды, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев.
"Күні кеше 4%-дық жеңілдетілген несие беретініміз туралы ақпарат шықты. Ал бүгін таңертең "Несие тек белгілі бір көлік модельдеріне беріледі, белгілі бір сомадан асыруға болмайды" екен деген сөз тарап жатыр. Мұнда мәселе көліктің құнында емес, несие көлемінде болып тұр. Яғни 10 млн теңге беріледі, соған емін-еркін көлік ала аласыз. Егер көлік құны бұл сомадан асып кетсе, онда үстіне өз қалтаңыздан ақша қосуыңызға тура келеді. Тіпті, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары "тек екі-үш модельге несие беріледі" деп жазған. Бұл да жалған, несие барлық модельге беріледі. Ал 25 миллионға көлік сатып алғысы келетін азаматтар оны өз ақшасына алғаны жөн болар. Бұл несие бағдарламасын халыққа пайдалы болсын, көбірек көлік таратайық деген оймен жасап отырмыз", – деп түсіндірді Марат Қарабаев.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда жеңіл көлік бағасы қандай жағдайда екі есеге дейін арзандайды?
- Көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына жаңа утиль алым мөлшерлемесі белгілі болды
- Автонарық сарапшысы: Утиль алымын 50 пайызға түсіру көлік бағасының төмендеуіне әкелмейді
Әрі қарай вице-министр Қазақстанның көптеген көлік маркасын өзі құрастыратынын айтты. Олар – Chevrolet, Lada, JAC, Kia, Hyundai және басқа көліктер.
"Отандық көлік бағасында ешуақытта утиль алым болмаған. Сектор, секторға бөлетін болсақ, Kia, Hyundai модельдері халықтың сұранысына ие. Олардың өндірісі Қазақстанда қалыптасқан. Статситикалық мәліметтерге жүгінсек, былтыр нарықта сатылған көліктердің 65%-ы отандық өнім. Сонда қазақстандықтардың 65%-ы утиль алымын төлемеді", – деп қосты Марат Қарабаев.
Еске салсақ, көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына жаңа утиль алым мөлшерлемесі белгіленгені туралы хабарлаған едік. Утиль алымының мөлшерлемесі 50% төмендейді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Бостандық ауданында өрт орнынан 4 адамнан тұратын отбасы құтқарылып, 70 адам эвакуацияланды
-
278
-
0
-
0
-
-
2Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
-
290
-
0
-
0
-
-
3Қайырлы таң!
-
215
-
0
-
10
-
-
4Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту
-
190
-
0
-
2
-
-
52024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
165
-
0
-
2
-
-
6💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
147
-
0
-
1
-
-
7Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
98
-
0
-
0
-
-
8🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
77
-
0
-
0
-
-
9🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
12
-
0
-
0
-