Тікелей эфир

Автонарық сарапшысы: Утиль алымын 50 пайызға түсіру көлік бағасының төмендеуіне әкелмейді

Нұраддин Садықтың ойынша, бұл шешім көлік нарығындағы дефицитті жоймайды.

31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сұхбат берген автонарық сарапшысы Нұраддин Садық утиль алымын 50 пайызға түсіру бойынша өз пікірін білдірді. Оның сөзінше, бұл шешім көлік нарығындағы дефицитті жоймайды.

"Шешім мені қанағаттандырған жоқ. Көп адам "мұның өзі де жеңіс қой" деп жазып жатыр. Рас, бұл жартылай жеңіс шығар. Дегенмен, ол көлік нарығындағы дефицитті жоймайды. Нарықтағы көлік баға әрі кеткенде 5-10 пайызға ғана түсуі мүмкін", – деді ол.

Нүраддин Садық сонымен бірге көлік бағасының төмендеуі үшін утиль алымымен қатар көлікті алғашқы тіркеу құны да төмендеуі қажеттігіне тоқталды.

"Бұл – көз алдау әрекеті. Өйткені, утиль алымынан бөлек, шығарылғанына 2 жылдан асқан көліктерге алғашқы тіркеу шығыны бар. Оның құны 1,5 миллион теңге шамасында. Одан бөлек, техникалық сәйкестік сертификатын алу қажет. Оны алу үшін мемлекетке 500 мың теңге шамасында қаржы төлеу керек. Бұлардың ешқайсының мұрты бұзылған жоқ. Яғни, мәселе кешенді түрде шешілмей, утиль алымын 50 пайызға түсіру көлік бағасының төмендеуіне әкелмейді.


Оқи отырыңыз: 


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары