Танымал "Айдаһарлар үйі" (House of Dragons) сериалы екі жылдық үзілістен кейін көрермендерге қайта жол тартты.
Маусым сегіз бөлімнен тұрады. Жаңа эпизодтар аптасына бір рет шығып, 9 тамызға дейін жалғасады:
- 1-бөлім: 21 маусым;
- 2-бөлім: 28 маусым;
- 3-бөлім: 5 шілде;
- 4-бөлім: 12 шілде;
- 5-бөлім: 19 шілде;
- 6-бөлім: 26 шілде;
- 7-бөлім: 2 тамыз;
- 8-бөлім: 9 тамыз.
Еске салайық, сериалдың екінші маусымы үлкен соғыстың басталу сәтінде аяқталған болатын. Сәйкесінше, үшінші маусым алғашқы эпизодтардан-ақ ірі шайқастармен басталады. Жоба авторлары оқиғаның басты назарында Таргариендер тарихындағы ең қанды әрі ауқымды қақтығыстардың бірі – Глотка шайқасы болатынын растады. Тизер кадрларынан теңіздегі шайқастарды, айдаһарлар қатысатын жаппай көріністерді және "қаралар" мен "жасылдар" арасындағы толыққанды соғысты көруге болады.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, HBO үшінші маусымның премьерасына дейін-ақ франшизаны жалғастыру мәселесін талқылай бастаған. Алдын ала жоспар бойынша төртінші маусымның өндірісі 2027 жылдың басында басталып, қорытынды маусым 2028 жылы жарық көруі мүмкін.

