USD: 485.5 / 489.5
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

House of Dragons: Телехикаяның жаңа маусымының толық кестесі

House of Dragons постері
House of Dragons постері
Үшінші маусымның премьерасы 21 маусымда өтеді, ол 8 сериядан тұрады.

Танымал "Айдаһарлар үйі" (House of Dragons) сериалы екі жылдық үзілістен кейін көрермендерге қайта жол тартады. HBO арнасы үшінші маусымның алғашқы бөлімін 2026 жылғы 21 маусымда көрсетеді. 

Еске салайық, сериалдың екінші маусымы үлкен соғыстың басталу сәтінде аяқталған болатын. Сәйкесінше, үшінші маусым алғашқы эпизодтардан-ақ ірі шайқастармен басталады. Жоба авторлары оқиғаның басты назарында Таргариендер тарихындағы ең қанды әрі ауқымды қақтығыстардың бірі – Глотка шайқасы болатынын растады. Тизер кадрларынан теңіздегі шайқастарды, айдаһарлар қатысатын жаппай көріністерді және "қаралар" мен "жасылдар" арасындағы толыққанды соғысты көруге болады.

Маусым сегіз бөлімнен тұрады. Жаңа эпизодтар аптасына бір рет шығып, 9 тамызға дейін жалғасады:

  • 1-бөлім: 21 маусым;
  • 2-бөлім: 28 маусым;
  • 3-бөлім: 5 шілде;
  • 4-бөлім: 12 шілде;
  • 5-бөлім: 19 шілде;
  • 6-бөлім: 26 шілде;
  • 7-бөлім: 2 тамыз;
  • 8-бөлім: 9 тамыз. 

Бұдан бөлек, шетелдік БАҚ мәліметінше, HBO үшінші маусымның премьерасына дейін-ақ франшизаны жалғастыру мәселесін талқылай бастаған. Алдын ала жоспар бойынша төртінші маусымның өндірісі 2027 жылдың басында басталып, қорытынды маусым 2028 жылы жарық көруі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз