USD: 491.9 / 494.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Джеки Чан Қазақстанда: Маңғыстауда "Доспехи Бога 4: Ультиматум" фильмінің түсірілімі басталды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Фильм 2027 жылы көрерменге жол тартады.

Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін "Доспехи Бога 4: Ультиматум" халықаралық кино жобасының түсірілімі басталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Қазір түсірілім тобы өңірдің ерекше табиғи ландшафттарында алғашқы көріністерді таспаға түсіруде. Фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі ретінде әлемге танымал Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында аталған аумақта 35 адамнан тұратын шығармашылық топ жұмыс жүргізіп, фильмнің бірқатар эпизодтарын түсірген.

Жобаның жүзеге асуына қолдау көрсету мақсатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай түсірілім тобының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында кино және телевизия өндірісін дамыту, жастарға арналған сапалы медиаконтент қалыптастыру, сондай-ақ өңірдің туристік және мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Маңғыстаудың халықаралық деңгейдегі киножобаларды қабылдауға барлық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

"Маңғыстау киноиндустриядағы ірі жобаларды жүзеге асыруға қолайлы өңір. Біз креативті экономиканы дамытуға, мәдени мұраны дәріптеуге және туристік әлеуетті арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз. Мұндай жобалар өңірімізді әлемге танытуға мүмкіндік береді", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Мамандардың айтуынша, халықаралық киножобаның Маңғыстауда түсірілуі өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Фильмде өңірдің табиғи және тарихи нысандары көрсетіліп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендердің назарын Қазақстанға аударуы мүмкін.

Сондай-ақ жоба инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтіп, елдің халықаралық беделін нығайтуға оң әсер етеді деп күтіліп жатыр.

Түсірілім жұмыстары биыл толық аяқталады деп жоспарланған. Ал "Доспехи Бога 4: Ультиматум" фильмі 2027 жылдың ақпан айында әлемдік прокатқа шығуға тиіс.

Айта кетейік, Джеки Чан қатысатын жаңа фильмнің Қазақстанда түсірілуі отандық киноиндустрия үшін маңызды оқиға саналады. Бұл жоба еліміздің халықаралық кинонарықтағы танымалдылығын арттырып қана қоймай, Маңғыстаудың қайталанбас табиғатын жаһандық аудиторияға танытуға мүмкіндік береді.
 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз