USD: 487.5 / 490.1
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Газ есептегішінің көрсеткішін енді онлайн түрде жолдауға болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ол үшін eGov Mobile қосымшасы болуы қажет.

eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. 

Ол контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Ал қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді.

"Бұған дейін газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада. 

Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштерді жасанды интеллект арқылы автоматты тексеру. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі дәлсіздіктерді болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және контролер тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады.

Сервисті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасына кіріп, "Сервистер" бөлімінде QazaqGaz Aimaq сервисін таңдау қажет. 

Көрсеткіштер ай сайын 25-інен келесі айдың 5-іне дейін қабылданады. Онлайн жолдау қолмен енгізу кезіндегі қателіктерді азайтады, газ тұтынуды дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді және деректердің мемлекеттік цифрлық платформа арқылы қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз