Game of Thrones: Вестерос әлемінің жобалары 3 жыл қатарынан көрерменге жол тартады

Фото: HBO
Фото: HBO
Биыл көрермендер "Айдаһарлар үйі" сериалының үшінші маусымын тамашалаған болатын.

"Тақтар ойыны" (Game of Thrones) франшизасының жанкүйерлерін алдағы жылдары жаңа жобалар күтеді. 2027, 2028 және 2029 жылдары қатарынан Вестерос әлеміндегі жаңа туындылар жарыққа шығады.

2027 жылы "Жеті патшалықтың рыцары" (A Knight of the Seven Kingdoms) сериалының екінші маусымы шығады. HBO бұған дейін жобаны екінші маусымға ұзартқанын және оның 2027 жылы көрсетілетінін ресми түрде хабарлаған.

2028 жылы "Айдаһарлар үйі" (House of the Dragon) сериалының төртінші маусымы көрерменге ұсынылады. HBO бұл маусымды жобаның қорытынды маусымы ретінде жоспарлап отыр. Сериал "Тақтар ойыны" оқиғаларынан шамамен 200 жыл бұрынғы Таргариендер әулетінің тарихын баяндайды.

Ал 2029 жылы франшиза тарихына жаңа форматтағы туынды қосылады. Warner Bros. "Game of Thrones: Aegon's Conquest" атты алғашқы толықметражды фильмді кинотеатрларға шығаруды жоспарлап отыр. Фильмнің премьерасы 2029 жылғы 1 маусымға белгіленген.

Фильмде Вестеросты жаулап алып, жеті патшалықты біріктірген Таргариендер әулетінің негізін қалаушы Эйгон І Таргариеннің тарихы баяндалады. Жобаны Оуэн Харрис түсіреді, ал сценариін "Андор" сериалының сценарисі Бо Уиллимон бірлесіп жазған. Фильм актерлерінің құрамы әзірге белгісіз.

Осылайша, "Тақтар ойыны" әлемінің жаңа жобалары 2027 жылы сериалдың екінші маусымымен, 2028 жылы "Айдаһарлар үйінің" төртінші маусымымен, ал 2029 жылы толықметражды фильммен жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау