Ержан Сәденов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Сәденовті Ішкі істер министрі етіп қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Ержан Сәденов бұған дейін 2023 жылы қыркүйекте Ішкі істер министрі болып тағайындалған болатын. 

Арнайы атағы – полиция генерал-лейтенанты

1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы – ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған

I дәрежелі "Даңқ" (2026), I (2024) және II дәрежелі (2018) "Айбын" ордендерімен марапатталған
Мансап
1993-2009 жылдары ШҚО Ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды.

2009 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау, Ақмола облысы және Нұрсұлтан қ. Көліктегі ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында еңбек етті.

2022-2023 жылдары – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

2023 жылдың қыркүйек айынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау