Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді

Фото: Францияның Қарулы күштер министрлігі
Фото: Францияның Қарулы күштер министрлігі
Зымыран суасты сүңгуір қайықтан ұшырылған.

Франция қарулы күштері жаңа стратегиялық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы Францияның Қарулы күштер министрлігі хабарлады.

"Сынақ кезінде зымыран ядролық оқтұмсықсыз ұшырылған. M51.3 стратегиялық баллистикалық зымыраны суасты қайығынан атылған. Сынақты Франция президенті Эммануэль Макрон да бақылады. Мемлекет басшысы зымыранның ұшырылуын Франция Әскери-теңіз күштерінің фрегатынан тамашалады", – делінген хабарламада. 

AFP мәліметінше, бұл теңізде орналастырылатын M51 стратегиялық баллистикалық зымыранының үшінші нұсқасы. Ол Франция қарулы күштерінің арсеналына бір жыл бұрын қабылданған.

Ядролық оқтұмсықпен жабдықталмаған зымыран Атлант мұхитының солтүстік бөлігіне, жағалаудан бірнеше жүз шақырым қашықтыққа құлады.  

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау