Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның қызы елдің зымыран құрылымында жетекші рөл атқарып отыр. Бұл туралы The Chosun Daily басылымы хабарлады.
Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметінше, 13 жастағы Ким "зымырандар жүйесінің бас директоры" қызметін атқарады. Ол Кореяның Еңбек партиясы съездеріне қатысып, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға араласады.
Ким Чен Ын қызына ядролық және зымыран сынақтарына қатысты іс-шараларға үнемі қатысуға мүмкіндік беріп келеді. Сеулдегі сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам оның әскердегі беделін ерте жастан қалыптастыруға бағытталған болуы ықтимал. Ресми түрде зымыран бөлімін генерал Чан Чан-Ха басқарады. Алайда барлау деректеріне сәйкес, көшбасшының қызы генералдардан есеп алып, тапсырмалар беруі мүмкін.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары Ким Чен Ынның қызы туралы алғаш рет 2022 жылғы қарашада хабарлаған еді. Сол кезде ол құрлықаралық Хвасон-17 баллистикалық зымыранын ұшыру рәсіміне қатысқан. Мемлекеттік ақпарат құралдары оны "сүйікті қызы" деп атаған.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17