Тікелей эфир

2027 жылға дейін "Бәйтерек" ғарыш кешенінен үш рет "Союз-5" зымыраны ұшырылады

Ұшу сынақтарын бастау биылға жоспарланған.

Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстан мен Ресей арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына сәйкес, биыл, 2024 жылы алғашқы "Союз-5" тасымалдағыш зымыранын сынау мақсатында ұшыру басталатыны белгілі болды. 

2027 жылға дейін зымыран кемінде үш рет ұшырылуы тиіс. 

Ал одан кейінгі жылдары, яғни 2028-2039 жылдар аралығындағы кезеңде әр жылы зымырандар кемінде үш рет ұшырылмақ. Соған орай, оған жеткілікті ғарыш аппараттарын шығаруға тапсырыс беру жоспарланып отыр. 

Еске салайық, алғашқыда "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен зымырандарды ұшыру 2022 жылға жоспарланса, кейін ол бір жылға, одан кейін тағы екі жылға шегерілген болатын


Оқи отырыңыз: "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтары тағы 2 жылға шегеріледі


 

Серіктестер жаңалықтары