Тікелей эфир

Еуропа астаналары қоғамдық электр самокаттарынан бас тартып жатыр

Париж 1 қыркүйектен бастап тыйым салса, енді оның қатарына Мадрид қосылды.

Еуропаның ірі қалаларында қоғамдық электр самокаттарынан бас тарту жөніндегі ұсыныстар жиі көтеріліп жатыр. Әзірге электр самокаттарынан Франция астанасы Париж біржола бас тартса, енді Испанияның бас қаласы Мадрид де кикшерингке тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы еуропалық басылымыдар хабарлады. 

Мадрид билігі электр самокаттарын жалға беретін клмпаниялармен келісімшартты ұзартпайтын болды. Биліктің тағып отырған айыбы – кикшеринг компаниялары қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған. Қалада үш жалға беру қызметі 6 мың самокатты іске қосқан. Алайда, Мадрид мэриясы талап еткен шаралар орындалмаған. Атап айтқанда, компаниялар самокатты жалға алушылардың тыйым салған жерлермен жүруін, самокатты кез-келген жерге тастап кетуін реттеуі тиіс болған. 

Еске салайық, Париж билігі қоғамдық электр самокаттарынан биылғы 1-қыркүйекте бас тартты. Оның билігі де қаладағы үш кикшеринг компанияларымен келісімшартты ұзартудан бас тартып, оларға қаладағы барлық электр самокаттарын алып тастауды міндеттеді. Тіпті, қалада бұл мәселе бойынша референдум өткізіліп, оған қатысқандардың басым бөлігі электр самокаттарына қарсы дауыс берген. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары