Тікелей эфир

Ескендір Бейсембетов: Сапалы білім берсек, патриотизм сезімі өздігінен пайда болады

Ата-аналар мен мамандар жаңадан енгізілетін пәнге қатысты пікір білдірді.

Патриотизм – негізгі пәндер бойынша сапалы білім берген кезде санада өзгеріс болып, өздігінен пайда болатын сезім. Біз балалар бойында бұл сезімнің пайда болуына пән енгізу арқылы қол жеткізе алмаймыз, деді Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің экс-ректоры, профессор Ескендір Бейсембетов. Бұл туралы ол Atameken Business арнасына берген сұхбатында айтты. 

"Мен мектеп білім беруі қажет деп ойлаймын. Ал сезімге үйрету кішкене басқа санат. Жалпы жаңадан енгізілетін пәндерге күмәнмен қараймын. Көбінесе мұндай өзгерістерді мектеп пен ЖОО-лардан алыс жүретін қоғам қайраткерлері ұсынады. Отбасы мен Отанға деген махаббатты үйрету мүмкін емес. Математика, физика, ағылшын секілді негізгі пәндер бойынша басыңызда бірнәрсе өзгеріп жатса, онда патриотизм автомат түрде өздігінен пайда болады. Сол себепті мен мұндай пәндерге қарсымын. Санаттық базасы мен ғылыми заңдар базасы жоқ мұндай пәндердің не нәрсеге дайындайтыны белгісіз?" – деді Ескендір Бейсембетов. 

Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығының төрайымы Роза Садықова патриотизм мәселесін сабақтардан тыс көтеруді ұсынды. 

"Сіз айтқан патриотизм сабақтары жақсы. Маған бұл мәселеге қатысты сыныптан тыс жұмысты дамыта түсу қажет сияқты – тәрбие жұмысын. Себебі, тәрбие жұмысы бірінші орында тұруы тиіс. Біздің мемлекет шеңберінде балалардың бір жерге баруы деген секілді. Бұл біздің еліміздің тарихы, біздің дәстүріміз. Осының барлығын қосып ақпараттандырған кезде патриотизм өздігінен пайда болады. Қазір, расымен, патриотизм жоқ. Десе де қандай да бір жаңа тетіктерді іздеу қажет сияқты. Бірден бұлай жаңа пәндерді кірістіру керек емес. Қателеспесем, бұл жаңа пән бойынша қоғамдық талқылау да өтпеді", – деді қауымдастық төрайымы. 


Оқи отырыңыз: Жекеменшік мектептер ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап оқытуды неге құптамайды?


Ирина Владимирқызы өз кезегінде мұндай пәнді жүргізе алатын ұстаздардың болуына күмәнмен қарады. 

"Патриотизм туралы тақырыптар жақсы шығар. Бірақ оларды кім жүргізеді? Бұған дейін ағылшын тілі мамандарының жетіспеушілігі туралы айтылды. Ал дінтану, қаржылық сауат, кәсіпкерлік барлық спекторды қатар жүргізе алатын мұғалімді қайдан табамыз? Мұның білім бере алатын қажет пәнге айналатынына күмәнданамын", – деді Ирина Владимирқызы. 

Ал ата-аналар керісінше мұндай пәннің қосылуын қолдайды. Тек орнына басқа пәнді алып тастаса деген тілегі бар. 

"Меніңше, бұл керек. Мемлекетіміз дамып келеді. Бірақ ол толық дамыды деп айта алмаймын. Қазіргі ұрпақтан бастап осы мәселені қолға алу қажет", "Мен керек деп ойлаймын. Себебі өз тарихыңды білгенің жөн. Бұрынғыдай жастарды тәрбиелеу керек. Әйтпесе өз тарихымызды ұмыта бастадық. Бірақ балаларға ауыртпалық көп болады. Орнына кей артық пәнді алып тастау керек шығар" – деді сауалнамаға жауап берген ата-аналар. 


Оқи отырыңыз: Ұлттық Банк Нархоз университетінде оқу үшін 30 грант бөледі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары