USDUSD: 510.1 / 512.5
  • EUREUR: 582.5 / 586.5
  • RUBRUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Ұлттық Банк Нархоз университетінде оқу үшін 30 грант бөледі

Оқуға конкурстық өтінімдер 2022 жылғы 25 шілдеге дейін қабылданады.

Ұлттық банк биыл Нархоз университетінде оқу үшін 30 грант бөледі. Түлектер кейін Ұлттық банкте, оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмыс істей алады.

Оқу MBA-дің "Қаржы талдаушысы", "Қаржылық тәуекел-менеджері", "Макроталдау мен болжау" және "Актуарий" бірлескен бағдарламалары аясында өтеді. Конкурстық өтінімдер 2022 жылғы 25 шілдеге дейін қабылданады.

Жоспар бойынша, дәрістер қыркүйек айында басталады. Оқу мерзімінің ұзақтығы – 2 жыл. 

Бағдарламаға қатысу үшін университет сайтында онлайн өтінімді толтыру қажет. 


Оқи отырыңыз: 24-30 маусымда бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі өтеді


 

Серіктестер жаңалықтары